Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Дипломмен ауылға» жәрдемақысының көлемі артады

05.05.2023, 13:51 362

 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жобасындағы көтерме жәрдемақының көлемі артуы мүмкін. Бұған дейін жәрдемақының мөлшері 241 500 теңге болатын.

Ұлттық экономика министрінің «Дипломмен ауылға» жобасына қатысушыларға көтерме жәрдемақыны ұлғайту туралы бұйрығының жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.

Бұйрық жобасына сәйкес, жәрдемақыны 70-тен 100 АЕК-ке дейін арттыру ұсынылып отыр. Бұл 2023 жылға арналған АЕК мөлшерін есепке алғанда 345 мың теңге болады. Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға берілетін бюджеттік кредиттің мөлшері бұрынғыша қалады – 1500 АЕК-ке дейін (5,18 млн теңге).

Аталған әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы саласының мамандарына, сондай-ақ ауылдарға жұмыс істеу және тұру мақсатында келген мемлекеттік қызметшілерге (ауыл әкімдіктерінің шенеуніктеріне) қатысты. Құжатты қоғамдық талқылау 2023 жылдың 22 мамырына дейін жалғасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: