Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биыл облыстан қанша жұмыс орны ашылады?

23.02.2021, 11:00 560

HALYQLINE.KZ Биыл облыста 17954 жаңа жұмыс орны ашылады. Оның 13500-і – тұрақты жұмыс орны. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова мәлімдеді.

Өңірде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға 11,7 млрд теңге қаржы бөлінді. Жобалардың басым бөлігі құрылыс саласына бағытталады. Жергілікті тұрғындардың жұмыссыздық мәселесі осы бағдарлама арқылы шешу көзделуде.

– Біз биыл 18 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Межені артығымен орындауға күш саламыз. Жақында білесіздер Президент Үкіметке облысқа қолдау білдіруге тапсырма берді. Жаңа жобалар әзірленді. Соның аясында жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Жыл басынан бері өңірде мыңға жуық азамат жұмысқа орналасты. Бұл жұмысты тұрақты жалғастыратын боламыз, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова.

Пандемия кезінде жұмыспен қамту мәселесі күрделене түсті. Көптеген мекемелер жұмысшыларын қысқартты. Бұл мәселені шешу бағытында 3208 кәсіпорынмен меморандум жасалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: