Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауылдың мәселесі ескерусіз қалмайды

25.01.2022, 11:42 366

HALYQLINE.KZ

«Ауыл – алтын бесік». Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаевтың Сарыбұлақ ауылында тұрғындармен болған жүздесуде айқын көрініс тапты. Шалғай елді мекендегі ауыл клубындағы кездесуге Мұхтар Әуесұлымен бірге аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков, өзге де мекеме мен кәсіпорын басшыларының қатысуы жиынның маңызын арттыра түскендей.

Аталмыш жиында сөз алған аудан басшысы алыс ауылдың жай-күйі, тыныс-тіршілігі тұрақты назарда тұрғанын айта келе ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға, Сарыбұлақтағы клубтың жайы, елді мекендегі ауызсумен қамтамасыз ету сияқты мәселелердің шешілу жолдары қарастырылып жатқанына тоқталды.

Ал ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сражадин Шамұратов сарбұлақтықтардың негізгі мәселелерінің бірі елді мекендегі ауызсу мен клуб ғимараты екенін, ауыл тұрғындарының ауырып, сырқаған жағдайда Ақсуат ауылына баруға мәжбүр екенін жеткізді.

– Бұл мәселе бізге айтарлықтай қиындық туындатып отыр. Ақсуат ауылына тура баратын мүмкіндік болмағандықтан медициналық бекетімізді Басықара ауылына қаратуды сұраймыз. Жазатайым осы елдегі ағайындар ауыра қалса, жол-жөнекей Басықара ауылына немесе аудан орталығына барады. Оған қоса ауылға акушер керек. Дайын маман да бар. Сондықтан ауылға жарты штат бірлігімен болса да акушер штаты қаралса, – дейді Сражадин Шамұратов ақсақал.

Жиында сөз алған өзге де ауыл тұрғындары №78 мектепке септик, ауылға жаңа трансформатор қажет екенін, білім ордасының оқушыларды тасымалдайтын көлігінің тозығы жеткендігі туралы өтініштерін ортаға салды.

Басқосуды қорытындылаған Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев әрбір ұсыныс-пікірге қатысты жауап беріп, мәселені шешу үшін жұмыс істейтіндігін, шалғайдағы ауыл тұрғындарының ешқашан ескерусіз қалмайтынын жеткізді.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: