Жаңақорған ауданының әкімі Жарқынбек Ғалымжан жұмыс сапарымен Қыраш ауылдық округіне барып, Қаратау көшесіндегі автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Нысан басында жауапты сала басшылары мен мердігер мекеме өкілдерінің есебін тыңдаған аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапасы мен қарқынына ерекше назар аударып, барлық жұмыстардың бекітілген жобаға және қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкес орындалуын тапсырды. Сонымен қатар, жұмысты белгіленген мерзімде сапалы аяқтау жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
Айта кету керек, ұзындығы 2,4 шақырым болатын Қаратау көшесін күрделі жөндеуден өткізуді «Аксар Строй» ЖШС жүзеге асыруда. Ал техникалық қадағалауды «Alash Orda Group» ЖШС жүргізуде. Жоба облыстық бюджет есебінен қаржыландырылуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!