Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

29.11.2022, 16:20 208

 HALYQLINE.KZ Өткен аптаның жұма күні аудан әкімі Нұржан Ахатов кезектілікке сәйкес тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, көкейде жүрген мәселелерін тыңдады. Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік көмек сұрап, денсаулық сақтау саласына, тұрғын үй мәселесіне, қоғамдық көліктердің белгіленген бағытын өзгертуге қатысты сауалдар көтерді.

Жұмыспен қамту мәселесі бойынша келген азаматтарға брінеше бос жұмыс орындары ұсынылып, білімінің сәйкестілігіне қарай жолдама берілетін болды. Ал тұрғын үй кезегіне қатысты сауалмен келген азаматтарға аудан әкімі тұрғын үй беру заң аясында кезек тәртібімен берілетінін баса айтты. Сондай-ақ, әлеуметтік мәселелерге қатысты жауапты сала басшыларына тапсырма жүктеді.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: