Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Апатты үйден жаңа баспанаға көшті

28.03.2023, 10:40 144

HALYQLINE.KZ Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қызылорда қаласының сол жағалауында бой көтерген 40 пәтерлі тұрғын үй баспанасы апатты деп танылған тұрғындарға берілді. Осыған орай өткен салтанатты іс-шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кейінгі жылдары Сыр өңірінде тұрғын үй құрылысы айтарлықтай дамып, қала аумағы әлдеқайда ұлғайғанын атап өтті.

Биыл облыс орталығын көркейтуге қомақты қаражат бөлініп отыр. Бейба­рыс сұлтан көшесінің Назарбаев даңғы­лынан Қызылорда – Құмкөл тасжо­лына дейінгі бөлігі кеңейіп, абаттан­дырылады. «Қазақстан темір жолы» басшылығы теміржол вокзалы ғимараты мен перронды жаңғыртуға қара­жат бөлмек. Жыл аяғына дейін Сырда­рияның сол жағалауынан инвестор қаржысына автовокзал салу жос­парлануда.

– «ҚазГерМұнай» компаниясы басшы­лығымен келісім нәтижесінде қалада заманауи үлгідегі Оқушылар сарайының жобасы басталады. Құны 1,6 млрд теңге болатын Неке сарайы шілде айында пайдалануға берілмек. Ал құрылысы былтыр басталған Өнер орталығы желтоқсан айында, сол жаға­лау­­­дағы Қан орталығы 2024 жылы ел игі­лі­гіне табысталады, – деді аймақ басшысы.

Қоныс той иелерінің атынан зейнеткер Әлима Әбішева алғыс білдіріп, жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Биыл қаржыландырудың барлық көзі есебінен 692 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: