Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақта жылу беру тұрақты ма?

17.10.2023, 12:20 128

HALYQLINE.KZ

Жылу беру Қызылорда қаласында 13 қазанда, ал облысқа қарасты барлық аудандарда 13-16 қазан аралығында басталды. Бүгінде облыс орталығындағы 700 көпқабатты тұрғын үй мен 757 нысан жылуға қосылды. Қалған тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылуға қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Болатбек Ысмағұлов хабарлады.

– Жалпы, облыс бойынша 1064 әлеуметтік нысан және 845 орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған барлық көпқабатты тұрғын үй толығымен жылумен қамтамасыз етіледі. Жылу беру маусымына 237,7 мың тонна көмір қажет. Оның ішінде, тұрғындарға – 205 мың тонна, әлеуметтік нысандар үшін – 33 мың тонна. Осыған дейін облысқа 100 мың тонна көмір жеткізілді, – деді Болатбек Әбулхайысұлы.

– Қызылорда қаласы бойынша жылу желілерінің ұзындығы 190,02 шақырымды құрайды. Қала бойынша орталықтандырылған жылу жүйесіне барлығы 1537 нысан қосылған. Қазіргі таңда, қаланы жылумен қамтамасыз ету мақсатында «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ндағы бірнеше жылу көздерінің негізгі қондырғылары штаттық режимде жұмыс істеуде, – деді «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК директоры Медет Усаин.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: