Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

5 қыркүйек – халықаралық қайырымдылық күні

05.09.2022, 19:00 494

Қоғамда әлеуметтік аз қамтылған және халықтың осал топтарына, қарттарға, мүгедектерге, басқа да мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетіліп келеді. Аймақта игі істермен айналысып жүрген қоғамдық қорлар мен қайырымдылық ұйымдары бар. Бүгін 5 қыркүйек – халықаралық қайырымдылық күні қарсаңында «Ел-Арай» қоғамдық қорының директоры Әлімжан Қосымов пен ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысы бойынша өкілі Оңталап Жидебаев баспасөз конференциясын өткізді.

– Қайырымдылық – игі істің қайырлысы. Жыл басынан бері «Зекет және қайырымдылық» қоры арқылы 3000-ға жуық отбасыға көмек көрсетілсе, 40 отбасыға көмір жеткізілсе, 5-6 студенттің оқу ақысы төленді. Рамазан айында «Рамазан сыйы», «Рамазан қоржыны» атты акциялар ұйымдастырылды. Одан бөлек, «Мектепке жол» акциясы аясында 1700 оқушыны мектеп формасы мен оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтыдық. Облысқа қарасты аудандарға арнайы сертификаттар берілді. «Үміт сыйла сәбиге», «Жетім көрсең, жебей жүр», «Мұңын ойла мұқтаждың» секілді арнайы қайырымдылық акциялары тұрақты өткізіледі, – деді ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысы бойынша өкілі О.Тасболатұлы.

– «Ел-Арай» қоғамдық қоры ел арасындағы әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж отбасыларға әрқашан қол ұшын созып келеді. Азық-түлік пакеті, киім-кешек секілді қажетті тұрмыстық заттармен қамтиды. Ең үлкен жобалардың бірі ретінде «Балық берме, қармақ бер» жобасын айтуға болады. Мұнда аз қамтылған отбасы балаларын ҰБТ-ға даярлап, оқуға түсуіне ықпал ету, – деді «Ел-Арай» қоғамдық қорының директоры Ә.Әлібайұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: