Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

1843 үйге көмірқышқыл газын анықтайтын арнайы датчик орнатылды

16.09.2022, 11:25 147

HALYQLINE.KZ

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында жылу маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бойынша брифинг өтті.

Брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Асхат Оразбеков өткен жылу беру маусымында тұрмысы төмен және аз қамтылған 1843 отбасыға көмірқышқыл газын анықтайтын арнайы датчик орнатылғанын, ал биылғы жылу беру маусымы қарсаңында 1657 отбасыға датчик орнату жоспарланып отырғанын жеткізді.

– Жылу беру маусымы кезінде қатты отынмен жылытылатын тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздік талаптарының сақталмауы салдарынан өрт оқиғалары және көмірқышқыл газынан улану фактілері жиі болады. Осыған байланысты жылу маусымына дайындық жұмыстары барысында облыстағы 7 589 тұрғын үй секторы араланып, 25 192 тұрғынға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді, – деді Асхат Оразбеков.

Айта кететін жайт, жылу беру маусымы кезінде пештердің қауіпсіз болуы үшін мұржаларын ай сайын тұрақты түрде тазалап, жанына жанғыш заттарды қоюға болмайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: