Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

100-ге жуық отбасы Солтүстікке көшуге ниет етіп отыр

24.05.2022, 17:20 597

HALYQLINE.KZ А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында «Қоныс аудару» бағдарламасы бойынша Солтүстік өңірлерден келген жұмыс тобының қатысуымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Қарағанды облыстарының жұмыс берушілері тарапынан 3 000-ға жуық бос жұмыс орны ұсынылып, қоныс аударуға ниетті 100-ге жуық отбасымен сұхбат жүргізілді.

Сонымен қатар, қала бойынша 24 мекемеден 160 бос жұмыс орны және жастар тәжірибесі бойынша 9 мекемеден 80 жұмыс орны ұсынылды.

Алдағы аптаның ішінде калаға карасты кент, ауылдық округтерде түсіндірме жұмыстары жалғасын табады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: