Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақ басшысы Үкіметте Арал мәселесін көтерді

27.01.2023, 9:45 185

HALYQLINE.KZ Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Үкіметте өткен жиында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Сыр өңіріне жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларының орындалу барысын баяндап, өңірдің бірқатар мәселелерін көтеріп, қолдау көрсетуді сұрады. Солардың бірі – аймақ үшін маңызы зор Арал теңізінің мәселесі.

«Сыр жұртшылығының көкейінде жүрген өзекті мәселенің бірі – Арал теңізінің тағдыры. Өйткені соңғы 12 жылда Арал теңізінің суы 8 млрд м3-қа азайып кеткен. Халықаралық су пайдалану келісімдеріне қарамастан, вегетациялық кезеңде теңізге судың түсуі қалдық принципі бойынша жүзеге асырылуда. Сондықтан, Арал теңізіне вегетациялық кезеңде бөлек су лимитін белгілеп, көлемін ұлғайту бойынша жоғарыдағы елдермен келіссөздер жүргізуге қолдау сұрадым», – деді облыс әкімі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: