Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақ басшысы тұрғындарды қабылдады

04.05.2023, 8:55 334

HALYQLINE.KZ Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады. Жеке қабылдауға 12 адам келді, оның ішінде бiреуi өтiнiшiн онлайн-байланыс арқылы жеткізді.

Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу және тұрғылықты мекен-жайына қажетті инфрақұрылым жүргізуге көмек сұрады. Облыс әкімі қабылдауға келген азаматтардың мәселелері жан-жақты зерттеліп, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын жеткізді. Кейбір мәселелер бойынша жауапты тұлғалар заң аясында түсіндірме беріп, шешу жолдарын ұсынды.

Мәселен, Тасбөгет кентіндегі С.Сейфуллин көшесін асфальттауды сұраған 81 жастағы зейнеткерге бұл көшенің алдағы уақытта орташа жөндеуден өтетіні айтылды. Жол жөндеу жұмыстары жақын арада басталмақ.

Сондай-ақ, 58 жастағы қала тұрғыны өзі тұратын жатақханаға газ кіргізуге көмек сұрады. Аймақ басшысы 2 апта ішінде үйдің жағдайын тексеріп, газ құбырын жүргізу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: