Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ағайынның арасын жақындатқан амал мерекесі

15.03.2023, 15:15 160

HALYQLINE.KZ Бүгін Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үйінің ауласында қазақ халқы үшін жыл басы саналатын, қастерлі де қасиетті мейрам «Амал мерекесі» атап өтілді. Мерекеге орай, ақшаңқай шатырлар тігіліп, келген қонақтарға наурыз көже таратылды. Алдымен, қонақтар мәдениет үйінің ауласына тал егіп, қыстың бейнеті мен қиындығынан аман-есен шыққанына шүкіршілік айтты.

Мұнан соң, салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында наурыз көже ішуден, қол күрес, ләңгі, қайны мен жеңге арасындағы күрес түрлерінен сайыстар өткізіліп, қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Жалпы амал мерекесіне орай өткізілген думанда қонақтар бір-бірімен көрісіп, мәре-сәре күй кешті.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: