Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әскери-патриоттық жастар жиыны өтті

04.05.2023, 11:20 192

HALYQLINE.KZ «7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне» орай Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Отан айбаты» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлері қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы М.Ршауов, Қызылорда қаласыны қорғаныс істер жөніндегі департаментінің бастығы А.Чункунов және білім ордаларындағы АӘД пәні мұғалімдері мен «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.

Жастар мен жасөпірімдер арасында әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдіру мақсатында «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігі 2018 жылдың 14 қарашасында құрылып, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелді. Қазіргі таңда өңірімізде 11 мыңға жуық жас сарбаз аталмыш бірлестік құрамында.

Сонымен қатар, жақында жастар орталығында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының базасы жасақталып, бірқатар әскери экспонаттар қойылды. Жиын барысында қатысушы қонақтар әскери-танымдық мұражайды аралап, алдағы жұмыстарға табыс тіледі.

Іс-шара аясында өңірдегі әскери-патриоттық бағытты дамытуға өз үлесін қосып жүрген алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері және «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысынің тәрбиеленушілері Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының және «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғылысы Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды.

Іс-шараға арнайы қатысқан желі жұлдызы, патриоттық өлеңдерді нақышына келтіріп орындайтын Әбу Құдабаев атындағы №197 орта мектептің 3 «А» сынып оқушысы Нұрперзент Бақытбек бірқатар жалынды өлеңін оқып, көрермен қошеметіне бөленді. Жас патриотқа «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғылысы Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының алғыс хаты мен естелік сыйлық табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: