Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

  • USD: 0 (0)

  • EUR: 0 (0)

  • RUB: 0 (0)

Әскери мерекелер онлайн тойланатын болды

04.05.2020, 16:19 325 0

HALYQLINE.KZ –| Елдегі төтенше жағдай жылдық жоспарларды жік-жікке бөліп тастады. Енді республика көлемінде тойланатын атаулы мерекелердің форматы онлайнға ойыса бастады. Жуырда бірлік күнін жұрт БАҚ арқылы ғана бақылап, желі арқылы мереке мезіретіне куә болып еді. Артынан іле-шала жеткен «Отан қорғаушылар» күні мен «Ұлы Жеңістің 75 жылдығы» да биыл онлайн форматта атап өтілмек. Бұл туралы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е.Әбішев мәлімдеді.

– Шаралар облыс әкімінің онлайн құттықтауымен басталып, ары қарайжаңадан іске қосылған «Сыр Шаңырағы» You Tube каналында «Ел ертеңі – жас ұлан» атты әскери патриоттық концертімен жалғасады. Сондай-ақ, «Сыр елінің қаһарман ұлдары» атты облыс музейлері мен кітапханаларында тақырыптық виртуалды көрмелер, жас сарбаздардың «Мен әскердемін» видеочелленджі өткізіледі,- деді ол.

Той мұнымен бітпейді. Алдын-ала тұрғындарды хабардар ету мақсатында жергілікті БАҚ-та, әлеуметтік желілерде «Мен батырдың ұрпағымын», «Отан қорғаушылар күні» тақырыптарында айдарлар ашылып,  кең көлемді ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.Танымал тұлғалардың, әр салада жетістікке жеткен жерлестеріміздің бейнеқұттықтаулары ұйымдастырылады. Олардың арасында белгілі композитор Кеңес Дүйсекеев,  әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дәулет Ниязбеков, мәдениет қайраткері Қаракөз Ақдәулетова бар.

75 жылдыққа бағытталған іс-шаралардың алғашқы легі сәуірдің аяқ тұсынан басталып кетті. Естеріңізде болса, аймақ басшысы Г.Әбдіқалықова «Жасампаз жасақ» онлайн форматындағы акциясын басшылыққа алған болатын. Оны бүгінде 250-ден астам адам қолдады. Мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында «Сыр Шаңырағы» youtube каналында «Сыр елім менің – жыр елім менің» атты мерекелік концерт және Сыр өңірі өнер жұлдыздарының мерекелік бейнеқұттықтауларын ұйымдастырылатын болады. Ардагерлер де назардан тыс қалмайды.  Ұлы Отан соғысына қатысқан 16 соғыс ардагері мен тыл еңбеккерлеріне Жеңістің 75 жылдығына орай құттықтау, құрмет көрсету шаралары көрсетіледі.

Дәл қазіргі уақытта Ұлы Отан соғысына қатысқан 20-ға таяу ардагерлер туралы бейнероликтер дайындалып, олар жергілікті телеарналар мен желілерде жариялануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: