Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әртараптандыру бағытында жұмыстар қалай атқарылып жатыр?

04.07.2023, 10:20 102

HALYQLINE.KZ Кеше Өңірлік коммуникациялар қызметі әртараптандыру бағытындағы бақша дақылдарының үлесін және экспорттық әлеуетін арттыруда атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттау мақсатында Жаңақорған ауданына көшпелі брифинг ұйымдастырды. Биыл Жаңақорған ауданында 37 781 гектарға егін егілген. Жалпы 460 шаруашылық құрылымы егін шаруашылығымен айналысады.

Мәселен, бүгінде аудандағы «АгроСервис» ЖШС-і 20 гектар жерге қарбыз тұқымын еккен. Негізінен күріш егетін қожалық , төрт жылдан бері әртараптандыру бағытындағы бақша дақылдарын ұлғайту жұмыстарын жүргізуде.

– Қазіргі таңда қарбыздың холер сортын химиялық қоспасыз, табиғи жолмен ектік. Биыл қожалық 50 ц/га өнім алып, еліміздің басқа өңірлеріне және көршілес Ресей еліне экспортталуда. Ал дақыл аяқ су арқылы өсіріліп жатыр, – деді «АгроСервис» ЖШС-нің өкілі Ерқұтты Байбосын.

– Аудан бойынша егілген 2000 гектар бақшаның 55 га жиналып, әр гектарынан 240 цн өнім алынуда. Сондай-ақ күтімге алынған 15 414 гектар ескі жоңышқаның бірінші орымы аяқталып, барлығы 46,7 тонна өнім жиналды. Ал егілген 3 151 күздік бидай дақылдарын ішінара жинау жұмыстары жалғасуда, – деді Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Дәурен Әбибуллаев.

Айта кетейік, жалпы облыс бойынша 19,6 мың гектар жерге картоп, көкөніс, бақша дақылдары егілді. Бұған қоса, биыл әртараптандыру бағытында қосымша соя дақылының егіс көлемі 74 гектарға, қант құмайы 221 га ұлғайтылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: