Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлеуметтік нысандар пайдалануға беріледі

20.10.2022, 17:00 253

HALYQLINE.KZ Республика күні қарсаңында Сыр елінде бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілмек. Оның ішінде, Жаңақорған ауданының орталығында демалыс паркі, Жалағаш ауданында 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі, Таң ауылындағы дәрігерлік амбулатория мен Арал ауданының Қамыстыбас елді мекенінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені бар. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы баспасөз конференциясында хабарлады. Айта кету керек, аталмыш мереке қарсаңында аймақ басшысының бастамасымен балалар жылына тарту ретінде демеушілердің қолдауымен салынып жатқан 80 ойын алаңының 67-сі пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, республика күніне орай автобус паркі 40 жаңа автобуспен толықтырылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: