Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Адамгершілік − асыл қасиет

07.07.2022, 10:00 2678

 HALYQLINE.KZ Адамзат баласының бойында кездесетін барлық қасиеттің жиынтығы, рухани күші ол − адамгершілік. Адамгершілік − адам бойындағы асыл қасиет. Адамға қойылатын  басты талап − асыл да ізгілікті  қасиеттерді бойына сіңіріп, жеке тұлға болып қалыптасу. Осы орайда, бұл талапқа жету үшін құндылықтар басты рөл атқарады. Өйткені, адам баласы өзінің адамгершілігімен, адалдығымен, рухани тәлім-тәрбиесімен  өседі.

«Адамгершілік асыл қасиет» деп айтып жатамыз. Неліктен олай айтамыз? деген сұраққа жауап бере кетсек. Адамгершілік − рухани құндылық, күш, тәрбие. Осы тәрбие бізді дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптасуымызға тәрбиелейді.  Жақсы істерге, жақсы қарым-қатынасқа, жақсылық жасауға, мейірімділікке, Отанын сүюге бағыттайтын осы – адамгершілік қасиеті. Қандай жан болмасын, егер де оның бойында адамгершілік қасиеті болса, одан асқан ең таза адам табылмас еді. Бір сөзбен айтқанда, адамның ішкі жан дүниесінің айнасы ол – адами құндылықтар. Адам бойында осы қасиет кездеспейтін болса, ол адам өмірден өз орнын таба алмаған, алдына қойған нақты жоспары жок, өзіне сенімсіз, өзін-өзі сыйламайтын бос адам.

Адамгершілік тақырыбы- ауқымды және мәңгілік. Себебі, бұл асыл қасиеттің орнын ешнәрсе баса алмайды.  Абай атамыздың сөзін мысалға алып қарастырсақ, адамның жақсы болуы айналасына да және тәрбиесіне де тікелей байланысты.  Қазіргі таңда,  адам бойындағы қасиеттерді дәріптеу  өзекті тақырыптардың біріне айналды. Әсіресе, бұл мәселе жастарға бағытталған. Көненің көзін көрген үлкендеріміз «Адамның ойы да, ішкі жан дүниелері де, пиғылы да өзгерген, өзгеретін заман емес, өзгеретін адам баласы» деп айтып отырушы еді. Үлкендерден сұрастырсақ өз кезеңдерін қуана-қуана еске алып, сағынышпен айтып отырады. Бұл сөздерге мән беріп, мағынасына үңілмейтінмін. Сондай сәттің бірінде мен ішімнен «Біздің де уақыт керемет, біздің заман да жаман емес»-деп жәй күле салатын едім. Уақыт өте келе бұл сөздердің түпкі мағынасын түсіне бастағандаймын. Себебі, қазіргі таңдағы  жасөспірімнің ой-санасы  қажет емес ақпаратқа толып, өздеріне қажет емес істерге үйір болып бара жатыр.

 Бұл жеткіншектердің өз бойына құнды қасиеттерді сіңіруіне кедергі жасауы мүмкін. Байқайтын болсақ, расымен де адамдық құндылықтар өзгеріп, әр адамзат өз жағдайын көп ойлайтын дәрежеге жеттік. Бұл жағдайды әрі қарай ушықтырып алмас үшін, дер кезінде дұрыс әрекет жасай білу керек. Себебі, адамгершілік қасиеттерінің артында достық, отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттері де бой көрсетеді. Міржақып атамыз  «Адамның алдымен адам сипаты болуға тиіс»  демекші, әр адам баласы өзін дұрыстау арқылы, өзіне бар асыл қасиеттерді  сіңіріп, өзіне адами сипатты толықтыра алса,  қоғамға да бар жақсылықты үйрете алады.

Фариза ТУРЕХАНОВА

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: