Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Абель Полезенің кітабы орыс тіліне аударылды

25.09.2023, 16:10 429


European Society for Central Asian Studies (Орталық Азия зерттеулерінің Еуропалық қоғамы) президенті Абель Полезенің 2018 жылы «The SCOPUS diaries and the (il)logics of academic survival» атты еңбегі жарыққа шыққан болатын. Рейтингі жоғары журналдарға мақала жариялау бойынша нұсқаулықтар берілген кітап шетелдік академиялық ортада көп оқыла бастады. Нәтижесінде аталмыш іргелі еңбек орыс тіліне аударылды. «Дневники Скопус и (не)логичность академического выживания» кітабының орыс тіліндегі нұсқасын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының Ph -докторанты З.Санакулова, саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының оқытушысы, PhD Ш.Қилыбаева және А.Нуршанов аударды.

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткізілген «Үздіксіз дамудағы Орталық Азиядағы билік, адамдар және мәдени өзгерістер» атты 18-ші ESCAS 2023 конференциясы аясында аталмыш кітаптың тұсаукесері КИМЭП Университетінде өтті. Аталған іс-шараға «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө.Насимов қатысты.

Осы іс-шара барысында жерлесіміз конференция алдында өткізілген семинарлар жұмысына араласты. Семинарлар «Scopus Diaries: сіздің ғылыми мансабыңызды стратегиялық жоспарлау: журналдарды анықтау және таңдау», «Scopus Diaries: мәліметтерді жинау, желі құру және мансаптық өсу мүмкіндіктерін анықтау» және «Тарихты картаға түсіру немесе орын ауыстыру: кеңістік тарихындағы сандық гуманитарлық ғылымдар» тақырыптары аясында өткізілді. Нәтижесінде Сыр ғалымы гуманитарлық ғылымдар бойынша баспа журналдарын шығару, сапалық зерттеулерде фокус-топтарды пайдалану секілді мәселелерді қамтыған жаңа әдістерді талқылады. Кітап авторына аталмыш кітаптың қазақ тіліне аудару бойынша ұсыныс жасалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: