Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

800 тұрғынның талап-тілегі тыңдалды

10.11.2022, 16:20 441

HALYQLINE.KZ БАҚ-та және әлеуметтік желіде алдын ала берілген хабарландыруды естіп келген азаматтар өз мәселесін ашық түрде қоюға мүмкіндік алды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев осы кезге дейін құқық қорғау саласының бірінші басшыларымен бірге Шиелі ауданында тұрғындармен кездесті.

“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидасына негізделген қабылдауда барлығы 80-ге жуық азаматтың өтініші қаралды. Облыс әкіміне 34 тұрғын келді. Көпбалалы аналар мен мүгедектігі бар жандар және жұмыссыз жүрген азаматтар өз мәселесін жеткізді.Құқық қорғау органдарының басшыларына 40 жуық азамат өз мәселесін жеткізіп, заң аясында тиісті түсіндірме алды.

Айта кетейік, 7 аудан бойынша облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 500-ден аса азаматтың өтінішін қараса, құқық қорғау органдарының басшылары 300-ге жуық тұрғынның талап-тілегін тыңдап, сауалдарына жауап берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: