Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

6 айда 750 лауазымды тұлғаның қылмысы әшкереленген

20.06.2022, 17:30 93

HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, алты айда 1 200 сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс қозғалып, 750 лауазымды тұлғаның қылмысы әшкереленді.

Президентке қылмыстық істерді тергеу барысы және келтірілген шығынды өтеу шаралары жөнінде ақпарат берілді. Соның ішінде елден заңсыз жылыстатылған қаржы активтерін қайтару туралы да айтылды.

Олжас Бектеновтің хабарлауынша, аталған шаралар аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жұмыстары жалғасуда. Қазақстанның Еуропа кеңесінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі конвенциясына қосылуы, жемқорлардың көлеңкелі табыстарын ашу ісіндегі тиімді әдістердің бірі болмақ.

Бұдан бөлек, Президенттің тапсырмасына сәйкес Агенттік «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, шенеуніктердің бизнеске заңсыз араласуын болдырмау жөніндегі қорғау тетіктері бойынша шаралар кешенін әзірледі.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысын күшейтуге қатысты бірқатар тапсырма берді.

Фото: Akorda.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: