Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

50-ге жуық тұтынушының құқығы қорғалды

14.03.2023, 14:45 277

HALYQLINE.KZ  Жыл басынан бері өңірде 50-ге жуық тұтынушының құқығы қорғалып, 900 мың теңгеге жуық қаржы толық қайтарылған. Тұтынушылардан келіп түскен арыз-шағымдардың басым бөлігі бөлшек сауда мен сапасыз тауарлардың нарықта сатылуына тікелей қатысты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменов мәлімдеді.

– Әр жыл сайын 15 наурыз – дүниежүзілік тұтынушылардың құқығын қорғау күні ретінде аталып өтеді. Биыл бұл күн «Таза энергияға көшу арқылы тұтынушылардың мүмкіндіктерін кеңейту» ұранымен белгіленді. Өздеріңіз білетіндей, біздің департамент тұтынушылардың құқықтарын бекітілген заң арқылы қорғайды. Яғни, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңында сатып алушылардың нақты құқықтары бекітілген. Аталған Заң сатып алушылардың тауарларды иеленуге еркін шарт жасасуға, тауар туралы ақпарат алуға, қауіпсіз заттарды сатып алуға, денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды толық көлемде өтеуге байланысты құқықтары қарастырылған. Бұл ретте тұтынушыны нарықтық қатынастарда барынша қорғау мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыратындығын атап өткен жөн, – деді департамент басшысы Ерқасым Жайбергенұлы.

Қазіргі таңда азаматтар интернет арқылы, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы тауарларды сатып алу және оны төлеу кезінде алаяқтарға жиі тап болып жатады. Осыған байланысты, қазіргі таңда ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы әзірленуде. Тұтастай алғанда, сатып алушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға ұсынылатын түзетулер әлеуметтік тепе теңдікті қалыптастыруда оң нәтиже бермек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: