Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

11 көше қайта жаңғыртудан өтеді

24.08.2022, 16:15 258

HALYQLINE.KZ Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев тиісті сала басшыларымен бірге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Нағи Ілиясов ауылындағы атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Аталған елді мекенінің биыл 11 көшесі қайта жаңғыртудан өтеді. Құны 584,3 млн теңгені құрайтын жобада ұзындығы 3 679 метр көшеге асфальт қабаты, ұзындығы 2 645 метр көшеге түнгі жарық бағанасы (92 дана), ұзындығы 2 242 метр аяқ су арығына лоток, ұзындығы 10 787 метр және ені 2 метр болатын жаяу жүргінші жолының құрылысы жүргізілетін болады.

Аудан басшысы «Дәнекер» ЖШС мердігер мекеме басшысына жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапалы әрі мерзімінен бұрын аяқтауды жеткізді. Сонымен қатар ауыл әкіміне Нағи Ілиясов ауылындағы санитарлық тазалық жұмыстардың жүргізілуі бойынша жұмыс жасауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: