Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Болашақ» университетінде «Ғылыми мақала жазудың ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өтті

06.10.2023, 17:45 500

HALYQLINE.KZ

Ғылыми мақала жазу ғылыми қауымдастықты зерттеу нәтижелері, идеялар мен үлестер туралы ақпараттандыруға бағытталған құрылымдық процесс болып табылады. Сондықтан зерттеу жұмысын жазу кезінде ескерілетін негізгі мүмкіндіктер мен қадамдарға мән берілген жөн. Осы себептерге байланысты Қызылорда «Болашақ» университетінде «ZOOM» платформасында «Ғылыми мақала жазудың ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өтті.

Вебинарда ғылыми мақалалар түрлері, құрылымы, зерттеу процесінің кезеңдері, ғылыми сараптама әдістерінің негізгі басымдықтарына ерекше назар аударылды. IMRAD (Кіріспе, зерттеу әдістемесінің сипаттамасы және оны таңдаудың негіздемесі, зерттеу барысында алынған нәтижелер, алынған нәтижелерді талдау және түсініктеме беру) жүйесіне түсініктеме беру арқылы мақалалар жазуға ұсыныстар берілді. Реферативтік базалардағы ғылыми ізденістер құпиялары ашылды.

Ғылыми мақаланың құрылымы мен стилі әр журналда түрлі болуы мүмкін екендігі айтылды. Сондықтан әрқашан жазылған мақаланы журнал ұсынған арнайы авторлық нұсқауларын тексеріп, осы нұсқаулардағы мақала мазмұнына арналған қосымша талаптарды ескеру қажеттілігі айқындалды.

Вебинарды «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Насимов өткізді.

«Болашақ»  Ғылыми-зерттеу  институты

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: