Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өмірді қиындатпаңыз…

06.11.2021, 18:00 290

HALYQLINE.KZ Егде жастағы еврей әйел банкке 10 доллар шешіп алу үшін келді. Кассир оған: «100 доллардан аз ақша алу үшін банкомат қолданыңыз. Басқа сұрақтарыңыз болмаса кетуіңізді өтінемін. Артыңызда клиенттер қатары тұр…»

Егде жастағы еврейлік әйел бірнеше секунд үнсіз қалды, содан кейін карточканы кассирге қайтарып берді: «Онда мен өзімдегі бар ақшамды шешіп аламын».

Карточкадағы қалдықты тексерген кезде кассир таң қалды. «Сіздің шотыңызда 500 000 доллар бар, бірақ дәл қазір банкте ондай ақша жоқ. Қабылдауға жазылып, ертең қайтып келе аласыз ба?».

Сонда кемпір бірден қанша ақша шешіп алуға болатынын сұрады. «Кез келген сома, 3000 долларға дейін», – деп жауап берді кассир.

«Онда маған қазір 2 915 доллар беріңізші».

Кассир ызалана қоймаға барып, 20, 10 және 5 долларлық стектерді алып, келесі бірнеше минутта 2915 долларды есептеп өткізді. «Бүгін сізге көмек бере алатын тағы бір нәрсе бар ма?» деп кассир қатал түрде сұрады.

Егде жастағы әйел әмиянға 10 доллар салып жатып: «Иә, мен есепшотыма 2 905 долларды қайта салғым келеді», – деді.

Бұл оқиғаның ғибраты: Ескі еврейлердің өмірін қиындатпаңыз, олар бұл әдеттерге өмір бойы үйреніскен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: