Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырдарияның сол жағалауында «Қан орталығы» бой көтереді

12.08.2022, 10:00 232

HALYQLINE.KZ Сырдың сол жағалауында тағы бір әлеуметтік нысан бой көтермек. Құны 2,7 млрд теңгені құрайтын «Қан орталығының» кеше іргетасы қаланды. Орталық ашылғаннан кейін облыста қан мен оның компоненттерін донациялау көрсеткіші 500-ден 10 мыңға дейін артпақ.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев ел ағаларымен бірге нысан құрылысының алғашқы кірпіш қалау рәсіміне қатысты.

– Мемлекет әрдайым ұлт саулығын көтеру, адам өмірін сақтауға жеткілікті деңгейде мән беріп келеді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Ұлт саулығы – Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекеттік саясатымыздың аса маңызды бағыты» деп айрықша атап өтті. Барлық қажетті құралдармен жабдықталған «Қан орталығы» өңір халқына сапалы қызмет көрсетіп, тұрғындардың денсаулығын арттыруға мүмкіндік бермек, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: