Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр елінде 27 дәрігерлік амбулатория салынады

03.10.2022, 15:30 86

HALYQLINE.KZ Биыл елімізде медициналық жоғары оқу орындарын бітірген 2 692 түлектің 104-і Қызылорда облысында жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

– Республикада ауылға жұмысқа келген жас мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары көзделген. Осы ретте, Қызылорда облысында 25 маман көтерме жәрдемақы алды. 1 маман тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Ал 1 маман басқа да әлеуметтік қолдау шараларына ие болды. Сондай-ақ, өңірге амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде 6,6 млрд теңгеден астам сомаға дәрілік заттар, ал стационарлық көмек шеңберінде 6,4 млрд.теңгеден астам сомаға дәрілік заттар сатып алу жүзеге асырылды. Бұдан өзге, биыл әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 20 пайызға көбейеді. Денсаулық сақтау жүйесінде жетістіктермен қатар, бәріміз бірігіп шешетін міндеттер көп. Медицина қызметкерлері жұмысының нәтижелеріне оның әлеуметтік мәртебесі де тікелей әсер ететінін атап өткім келеді. Көп жағдайларда оған нақты адамдардың өмірі ғана емес, жалпы қоғамның тұрақтылығы да байланысты, – деді Ажар Ғиният.

Айта кетейік, «Ауылдық медицинаны жаңғырту» жаңа ұлттық жобасы аясында Сыр еліндегі мекендерде 27 дәрігерлік амбулатория салынады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: