Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде 70-тен аса медқызметкер вакцина салдырды

12.03.2021, 11:30 875

HALYQLINE.KZ Шиелі ауданында коронавирусқа қарсы вакцинация 5 наурызда басталды. Бүгінгі күнге дейін жетпістен астам аудандағы медицина қызметкері екпе салдырды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Шиелі ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Әмір мәлімдеді.

– Ауданда медицина саласының 1100 қызметкері бар. Екпе жұмыстары ең алдымен адамдармен тығыз қарым-қатынаста болатын қабылдау бөлімі, жедел жәрдем, жұқпалы аурулар бөлімі қызметкерлеріне жүргізілуде. Бүгінге дейін екпе салдырғандар арасынан асқынулар, қолайсыз жайттар тіркелген жоқ. Өзім де сол алғашқылардың бірі болып вакцина салдырдым. Ешқандай кері әсер білінбеді. Қазір денсаулық жағдайым жақсы. Енді 3 аптадан соң екінші компонентін салдырамын, – деді Нұрлан Әмірұлы.

Ауданға екпенің бірінші компонентіне 210, екіншісіне де осыншама доза жеткізілген. Шиелі ауданаралық ауруханасы бойынша 3 егу бригадасы құрылған. Үш мұздатқыш, 11 термоконтейнер, 265 дана мұздатқыш элемент бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: