Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада эпидахуал тұрақты

02.09.2022, 9:45 297

HALYQLINE.KZ Жыл басынан бері аймағымызда коронавирус инфекциясын 6321 науқас жұқтырған. Соңғы тәулікте аурудың жаңа ошағы ретінде бір жағдай анықталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстағы эпидемиологиялық ахуал туралы өткен баспасөз конференциясында айтылды.

– Қазіргі таңда облыс бойынша 545 инфекциялық төсек орын бар. Инфекциялық стационарда 3 науқас ем қабылдап жатса, амбулаториялық жағдайда 33 науқас бақылауға алынған. Реанимациялық төсек-орында 1 науқас ем қабылдап жатыр, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Мырзагелдіұлы.

Ал білім беру ұйымдарындағы эпидемиологиялық ахуал қалай болады? Оқушылар карантиндік режимге көше ме? Бұл сауалдарға Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Ұзақбаев жауап берді.

– Бүгінгі таңда Қызылорда қаласы бойынша «COVID-19» коронавирус инфекциясының 25 белсенді ошағы бар. Емдеу-сауықтыру мекемесінде 4 науқас ем қабылдап жатса, 20 науқас үй карантинінде оқшаулануда. Алайда аймағымыз жасыл аймақта болғандықтан, ешқандай қауіп-қатер жоқ, – деді Е.Амантайұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: