Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысы вакцина салдыру бойынша 5-орында тұр

25.10.2021, 14:00 336

HALYQLINE.KZ Бүгінгі күні коронавирус инфекциясының таралуы бәсеңдеген Қызылорда облысы «сары» аймақта. Аймақта әлі де болса карантиндік шаралардың қатаң сақталуы бойынша түрлі іс-шаралар атқарылуда. Оған қоса вакцинациялау жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Нәтижесінде осы тәулікке дейін облыс тұрғындарының 78,4 пайызы, яғни 354 536 адам екпенің алғашқшы компонентін алса, 2 туры бойынша 284 957 адам екпе салдырған.

Қазіргі уақытта екпе салдырудан аудандар ішінен Жалағаш ауданы мен қаладағы №1 қалалық емхана аумағы көш бастап, бірінші компонент бойынша екпе салуға болатын санаттағы адамдар 100% қамтылды. Атап айтсақ, Жалағаш ауданында екпе салған тұрғындар саны – 19375, ал №1 қалалық емханаға қарасты 25256 адам вакцина алған. Айта кетейік, облыстар арасында вакцина алу бойынша Қызылорда облысы республикада бесінші орында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: