Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: 6 адамнан коронавирус анықталды

13.07.2022, 18:30 414

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Алайда бәсеңсуге болмайды. Мәселен, шілде айының 11 күнінде 40 жағдай анықталды. Соңғы тәулікте 6 жағдай есепке алынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.

– Өңірде эпидахуал тұрақты деп бағаланғанымен, коронавирус инфекциясының пандемиясы әлі аяқталған жоқ. Сондықтан індетке қарсы екпе салдыру қажет. Бұл ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына өз септігін тигізеді. Сонымен қатар, санитариялық-эпидемиологиялық профилактикалық шараларды да ұмытпауға шақырамын. Себебі қарапайым ғана сақтық шаралары тек COVID-19-дан емес, барлық инфекциялық аурулардан, ауа тамшылары арқылы таралатын вирустардан қорғануға көмектеседі, – деді Әлия Мүтәліпқызы.

– Бүгінде облыста вакцинациялау мен ревакцинациялау отандық QazVac, VeroCell, Pfizer препараттарымен жүргізілуде. Вакцинаның І компонентін 425 853 қызылордалық, ІІ компонентін 423 364 адам алды. Сонымен қатар, 2021 жылдың 22 қарашасынан ревакцинация жұмыстары басталып, қазірде 228 265 тұрғын қайта екпе алды, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Мырзагелдіұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: