Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда 4 вакцина қолжетімді болады

01.06.2021, 11:30 342

HALYQLINE.KZ

Бүгінгі күні әлемде КВИ-дің 171 млн-нан астам жағдайы тіркелген, бұл тәулігіне шаққанда 392 мың. 3,5 млн астам адам қайтыс болды. Өлім-жітім көрсеткіші – 2,1%. Әлемдік рейтингке сәйкес  Қазақстан 221 елдің ішінде сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша 104-орында, ал өлім көрсеткіші бойынша соңғы төрт аптада Қазақстанның позициясы 5 бірлікке жақсарып, 107-ші орыннан 112-ші орынға ауысты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой Үкімет сағатында мәлімдеді.

Қазақстанда 1 маусымға «CОVID-19»-дың оң нәтижесімен 387 672 науқас және КВИ-дің теріс нәтижесімен 55 263  жағдай тіркелді.

– Инфекциялық және реанимациялық төсек-орындардың бос болмауының оң динамикасын айтып өткім келеді, сәуір айымен салыстырғанда мамыр айында  инфекциялық және реанимациялық төсек-орындардың бос болмауы 1,5 және 1,2 есеге төмендеді. Инфекциялық төсек-орындардың бос болмауының төмендеуі Алматы қаласында 2,3 есеге, Алматы облысында 1,9 есеге, Ақтөбе облысында 1,8 есеге, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарда 1,6 есеге төмендеді, – деді А.Цой.

Соңғы 2 аптада ем қабылдап жатқан науқастар санының 12 мыңға азайғаны байқалады. Халықты КВИ-ге қарсы вакциналау жалғасуда.

– Бүгінгі күні вакцинаның 3,2 млн дозасы пайдаланылды, оның 1-компоненті бойынша 2 131 519 адам егілді, бұл тиісті халықтың 21%-ын құрайды. Екінші компонентпен 1 074 954 адам қамтылды. Бүгінгі күні егу пунктерінде вакцинаның саны жеткілікті, бірінші компоненттің 330 мың доза, екінші компоненттің 811 мың доза вакцина бар. Маусым айында КВИ вакцинасының 2 млн-ға жуық қосарлы дозасы жеткізіледі деп күтілуде. Бүгін «CoronaVac» вакцинасының 500 мың дозасы алынды. Осылайша Қазақстанда 4 вакцина қолжетімді болады, – деді ол.

«Ashyq» жобасын масштабтау бүкіл ел бойынша жүргізіліп жатыр. Жобаның қатысушыларының саны 8 мыңнан асты және соңғы екі аптада 2 мыңға өсті. Пайдаланушылардың саны 2 аптада 1,4 млн-нан 2 млн-ға дейін өсті. Сонымен қатар, «Ashyq» енгізілгеннен бастап  ПТР тестінің оң нәтижесі бар 3 556 науқас және ауруды жұқтырғандармен байланыста болған 3 012 адам анықталды.  

– Бұл статистика, өкінішке қарай кейбір азаматтар үйде оқшаулану режимін сақтамайтынын, халық көп жиналатын объектілерге баратынын, осылайша басқа келушілер мен ұшақ жолаушылар үшін ауру жұқтыру қаупін тудыратынын көрсетіп отыр. Жобаны енгізгеннен оң нәтижесін ескере отырып, «Атамекен» ҰКП-мен бірігіп жобаның көшбасшыларды мадақтау критерийлері әзірленді, – деді министр. 

Жобаның көшбасшылары қызмет түріне байланысты объектіде екі апта бойы  тіркелу саны бойынша  анықталады. Бұл тәсіл астананың және республикалық маңызы бар қалалардың ерекшелігін ескереді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: