Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан: 727 млн теңге тұратын 182 мың қорап дәрі тәркіленген

08.07.2020, 15:30 294 0

HALYQLINE.KZ Елімізде 5-6 шілде аралығында дәрі-дәрмекті тасымалдауға байланысты 18 заңбұзушылық анықталған. Сондай-ақ, жалпы сомасы 727 миллион теңге тұратын 182 мың қорап дәрі тәркіленген, – деп хабарлайды Қаржы мониторингі комитеті.

Комитет мәліметіне сүйенсек, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Маңғыстау облысы, БҚО, Алматы, Атырау облыстарында, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстарында заңбұзушылық тіркелген.

«2020 жылдың 6 шілдесінде Алматы – Бішкек трассасында Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері дәрі-дәрмектерді рұқсат құжаттары мен лицензиясыз заңсыз сатқан тұлғаларды ұстады. Тінту барысында 10 қорап (әр қорапта 242 данадан) жалпы соммасы 7 миллион теңге болатын «Азитромицин» препараты анықталған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 214-бабы бойынша тергеу басталды», – деп жазылған хабарламада.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: