Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оқушылар мектепте маскасыз отыра алады

26.03.2021, 17:50 1905

HALYQLINE.KZ

Облыс немесе елді мекен жасыл және сары аймақтарда орналасқан жағдайда, барлық оқушылар төртінші тоқсаннан бастап оқытудың аралас форматына көшеді. Бұл ретте пәндердің бір бөлігі дәстүрлі форматта, бір бөлігі қашықтан өткізілетін болады.

– 300 оқушыға дейінгі контингенті бар мектептер оқуын дәстүрлі форматта жалғастырады. «1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша сыныптарды 25 адамнан артық емес оқытуға жол беріледі. Сабақтың ұзақтығы – 40 минут. Бала ауырған немесе науқастармен байланыста болған жағдайларда, ата-аналардың өтініші бойынша балаларды қашықтан оқыту форматында қалдыруға рұқсат етіледі, – деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Таңатқызы. 

Айтпақшы, қызыл аймақта орналасқан өңірлерде оқыту форматын жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық санитариялық дәрігерлер айқындайды. Мектептерде оқу процесін ұйымдастыру кезінде барлық эпидемияға қарсы іс-шаралар қарастырылатын болады. Асханалардың жұмысы ЖАО шешімі бойынша және санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, өңірлік Бас санитарлық дәрігерлердің келісімімен ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, оқушылар енді мектепте маскасыз отыра алады. Денсаулық сақтау министрлігі сыныптарда маска тағу талабын алып тастағанда, қолданыстағы тәжірибені басшылыққа алыпты. Яғни, бетперде тақпауға рұқсат берілген жағдайларды, мысалы, тамақтану орындарында тамақ ішкен кезде.

  • Балалар 40 минут, ал төменгі сыныптар 30 минут сабақта отырады, үзіліске шығады. Сонымен қатар, іс жүзінде көптеген сыныптарда балалардың көбі маскасыз отырады, оны мониторингтердің нәтижелері көрсетті, немесе баланы 40 минут бойы маскамен отырғызып қою өте қиын. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі талапты талдап, осындай шешім қабылдады. Бірінші кезеңде штаттық режимде оқытуға рұқсат берілген өңірлерде, тек сол жерде ғана бұл талаптар сақталмайды, – деп түсіндірді ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің тамақтану, тәрбие және білім беру объектілерін санитарлық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Марал Рахымжанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифин барысында.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: