Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Медицина ұйымдарын толықтай техникамен жабдықтауға 5,1 млрд теңге қаралған

17.11.2023, 8:55 121

HALYQLINE.KZ

Осы жылы денсаулық сақтау нысандарын материалдық техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 5,1 миллиард теңге қаржы қаралды. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 4,4 миллиард теңге, жергілікті бюджет есебінен 700 миллион теңге бөлінді. Нәтижесінде медицина ұйымдарының жабдықталу деңгейін 89 пайызға дейін көтеру жоспарлануда. Биылғы жылы да 25 санитарлық автокөліктер алуға 512,5 миллион теңгеге келісімшарттар жасалынды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков хабарлады.

– Облыста медицина саласын жетілдіруге бюджеттік қаржыдан бөлек ресурстар да тартылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткен жылдың басында «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылды. Қор өңірлердегі ең өзекті мәселелер мен денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарын қолдау саласындағы нақты проблемаларды шешумен айналысуда. Біз былтырдан бастап «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен әріптестік байланыстамыз. Қор екі жылда аймақтың денсаулық сақтау саласына 2 миллиард теңгеден астам қаржы бағыттады. Бұл қаржыға облыстық балалар ауруханасы базасында «Қамқорлық» реабилитациялық орталығына медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілді, сондай-ақ науқастарға қажетті аса қымбат дәрі-дәрмектер алынды, – деді Олжас Ермекұлы.

Одан бөлек, қор республика бойынша 3 ғана облыста бар құны 1,1 миллиард теңге тұратын онкологиялық скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешенмен қамтамасыз етті. Медициналық кешенде компьютерлі томограф, цифрлық рентген, ультрадыбыстық аппарат қаралған.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: