Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Коронавируспен сырқаттану 20 пайызға төмендеді

01.06.2021, 10:50 352

HALYQLINE.KZ

Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғаны байқалады. «COVID-19» сырқаттану деңгейі 20%-ға, вирустың репродуктивтік индексі 0,86-ға дейін, инфекциялық төсек-орындардың қамтылуы 28%, реанимациялық төсек-орындар 24% дейін төмендеді.  Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде 3 өңір «қызыл аймақта» тұр: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары. «Сары аймақта» 6 өңір: Алматы қаласы, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. Қалған 8 өңір «жасыл аймақта».

Бүгінгі таңда 2,1 млн-нан астам адам бірінші компонентті, 1 млн-нан астам адам екінші компонентті алды. Маусым айында бірінші компоненттің 2 млн дозасы мен екінші компоненттің 2 млн дозасы қолжетімді болады. Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге маусым айында халықты вакциналау қарқынын едәуір арттыруды тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігіне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, «Ashyq» мобильді қосымшасының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оның қызмет көрсету секторында қолданылуын одан әрі кеңейту бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: