Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан сақтан!

14.07.2022, 10:30 241

Маман кеңесіне құлақ түріңіз!

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыс көлемінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (бұдан әрі қарай КҚГҚ) індеттік жағдайы «қолайсыз» екенін ескертеді. Осы орайда, қауіпті дерттен тұрғындарды сақтандырып, алдын алу үшін ақпараттандыру жұмыстарын күшейтудің маңызы зор екендігін атап айтқым келеді. Сондықтан да табиғатта, таза ауада тынығушыларға, саяжайда жұмыс жасаушыларға, малды күтіп, баптаушыларға, жеміс-жидек терушілерге кенелерден абай болуың ескертеміз. Кенеден қауіп сәуір айынан қазан айына дейінгі аралыққа созылады, бірақ ең қауіпті кезеңі – мамыр, маусым айлары, себебі кененің көбейетін кезі – осы уақыт.

Кенеден сақтанудың қарапайым шараларына ерекше назар аударуға шақырамыз: табиғат аясына барғанда – жеңі ұзын, ашық түсті көйлек киіп, жағасын, жеңін түймелеп, етегін шалбарға салып, шалбардың балағын шұлыққа немесе аяқ киімнің ішіне салып, басқа орамал байлау керек. Кене жоламайтын «Тайга», «Лесная» сияқты майлы заттарды қолдану қажет, сонымен қатар өткір иісті әтір сулар мен дезодарантты да сеуіп алуға болады. Креолин және Лизол сияқты май дәрілерінің ерітінділерін түнде жататын жерлер мен мал қораларды өңдеу үшін қолданған жөн.

Дененің ашық жерлеріне, киімге кенені жолайтпайтын заттарды («ОФФ», «Тайга», «Лесная» «Антиклещ-Пикник», «ДЭТА» және т.б. дәріханада ұсынатын) репелленттерді жағу керек. Сондай-ақ әрбір 2-3 сағат сайын киімдерді, желке мен құлақтың тұсын, қолтық пен шаптың маңайын мұқият қарап жабысқан кене болса абайлап алған жөн. Табиғатқа демалуға достарыңызбен барғанда, қалың шөбі, бұтасы аз, күннің көзі көп түсетін ашық жерлерге жайғасу керек.

Кененің адамдарға ең көп шабатын уақыты таңғы сағат 8-ден 11-ге дейін және кешкі сағат 17-мен 20-ның аралығы. Күн ыстықта 11-ден 17-ге дейін олардың белсенділігі төмендей түседі. Үйге келген соң, әкелінген барлық заттарды, барлығын да мұқият қарау керек. Қадалған кенені жіптен жасалған ілмекпен немесе қысқыш пинцеттің көмегімен, немесе арнайы «тик-твистер» құралымен мыжып алмай ғана еппен қысып ұстап алған жөн. Алынған кенені ыдысқа салып сараптама орталығына апарып тексертіп алған дұрыс немесе ыстық суға салып немесе жанып жатқан отқа өртеген дұрыс. Ешқашанда кенені қолмен, аяқпен мыжуға немесе қай жағдайда да (жабысып тұрғанда, жорғалап жүргенде) қайшымен қиып жіберуге болмайды. Кене шаққан жерді иод тұнбасымен не болмаса құрамында спирті бар ерітінділермен өңдеп, зарарсыздандырған дұрыс. Кенені алғаннан кейін қолды сабындап жуу қажет. Кене шаққан уақыттан бастап кешіктірмей жергілікті емдеу алдын алу мекемелеріне қаралып, медициналық көмекке жүгіну қажет.

Осы қарапайым ережелерді жадыңызда сақтап, кенеден туындайтын кеселдерден өзіңіз де жақындарыңызда сақ болыңыздар!

Б.Каримсакова,

«Қызылорда облыстық салауатты өмір

салтын қалыптастыру орталығының» ЖШС СӨСҚ маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: