Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Енді Мәжілісте маска тағу міндеттеледі

08.02.2024, 11:35 108

HALYQLINE.KZ

Мәжілісте коронавирусқа байланысты маска тағып келу міндеттелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ӨДП МК бас санитарлық дәрігері Темірғалиева А.Қ 2024 жылғы 6 ақпандағы қаулысына сәйкес, Парламент Мәжілісі ғимаратының аумағында коронавирустық инфекцияға қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты міндетті түрде бетперде кию режимі және басқа да алдын алу шаралары енгізілген. 

7 ақпаннан бастап жиналыстар мен басқа да бұқаралық іс-шаралар онлайн форматқа ауыстырылады немесе маска режимі мен санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі.

«Осыған орай, Мәжілістегі іс-шараларға қатысатын журналистерден шектеулер ресми түрде жойылмайынша жоғарыда аталған шараларды сақтауды сұраймыз. Ғимаратқа кірер кезде өзіңізбен бірге медициналық маскалар алып келуіңізді сұраймыз», – делінген хабарламада.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: