Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Емханалар жоспарлы жұмысын жүйелі жүргізуде

14.08.2020, 16:05 495

HALYQLINE.KZ  Өздеріңізде белгілі елімізде «COVID-19» індетімен күресу бағытында бірқатар шаралар қабылданып, оның ішінде эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне сәйкес, жоспарлы емдеу жұмыстары уақытша тоқтатылған болатын.

Қуантарлығы, 2020 жылдың 3 тамызынан бастап аймағымыздағы ахуалдың тұрақталуына байланысты емдеу ұйымдарындағы жоспарлы жұмыстар өз жұмысын бастаған-ды.          

Сонымен қатар бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдары, яғни емханалар 3 тамыздан бастап жоспарлы жұмыстарын бастады. Яғни бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету деңгейінде уақытша тоқтатылған.

  • Скринингтік тексерулер (скринингтік тексерулердің барлық түрі);
  • Профилактикалық тексерулер науқастардың профилактикалық мақсатта емханаға келуі (жұмысқа және оқуға баратындардан басқалары);
  • Жоспарлы стоматологиялық қызмет (жоспарлы стоматологиялық қызметтердің барлық түрі);
  • Оқушылардың денсаулығын қорғау қызметтері (мектеп медицинасы), медициналық оңалту ІІІ сатысы (амбулаторлы жағдайда көрсетілетін реабилитация);
  •  Салауатты өмір салтын ұстану бойынша шаралар (СӨСҚ кабинеттерінің жұмысы;
  • Денсаулық мектептерінің жұмысы) және психологиялық көмек көрсету қызметтері өз жұмыстарын жалғастыратын болады.

Жалпы бүгінгі жоспарлы емдеу жұмыстарының қайта іске қосылып жатқаны, аймағымыздағы ахуалдың тұрақтағанының тағы бір дәлелі. Атқарылып жатқан жұмыстардың барлық көрсеткіштері бойынша оң шешімдер, жақсы жағдайлар жеткілікті. Дегенмен бұл жағдайлар бізді босаңсытпау керек. Әлі де болса сақтық шараларын  қатаң сақтайтын болсақ біз бұл індетті аман-есен өткеретін боламыз!

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: