Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дисплазия дерті дендеп тұр

22.01.2020, 11:36 6825

Безектегеннің көкесі бала ауырғанда болады. Айтуға тілі, сөйлеуге үні жоқ бесіктегі баланың ауырған жерін білмей дал болу – әрбір ата-анаға таныс жағдай. Осындайда «бала ауырмаса екен» дейміз. Ал ақиқатында дені сау бала туылуы үшін алдымен анасы өз денсаулығына бейжай қарамауы тиіс. Балалардың жамбас буынының дисплазиясы дегенді естіп жүрген боларсыз. «Аурудың жақсысы жоқ» деген. Өкінішке қарай, соңғы жылдары осы ауру жаңа туған нәрестелер арасында дендеп кеткен.

Бізде дүние есігін ашқан сәбиді бесікке бөлеу дәстүрі қалыптасқан. Мамандар жамбас ұршығы тайған балаларды бөлемеу керек дегенді айтады. Батыс мәдениетінде мұндай жоқ, туған баланың қол-аяғын босатып, өзінің еркіне жібереді. Олардың қимыл-әрекеттерін шектемейді, оларды отырғызып денесін бос ұстайды, аяғы бүгілу және жазу жағдайында болады, сонда ғана баланың аурушаңдығы төмен болады. Сарапшылар статистикасына сүйенсек, өткен ғасырларда аурудың бұл түрі мыңның ішінде 3-4 ғана балада кездессе, бүгінде ол көрсеткіш әлдеқайда жоғарылаған. Мәселен, Қызылорда облысында жыл басынан бері 166 бала жамбас буынының дисплазиясы ауруымен тіркелген. Ал оның 115-і туабітті пайда болған.

– Туа бітті дисплазия дертіне келер болсақ, ұршығы шығып кеткен және екінші диплазия деген бар. Дисплазия деген ол  – ұршықтың басы кальций жетіспеушілігіне байланысты бос болып дамымай тұрады. Негізінде мұны емдеудің сан түрі бар. Мәселен, баланың аяғына шина кигіземіз немесе массаж қабылдайды. Жалпы неғұрлым ерте анықтасақ, соғұрлым тез сауығуға мүмкіндік мол.Бала перзентханада дүниеге келген сәтте балада дисплазия бар не жоқтығын неанатолог дәрігер анықтайды. Десе де, ата-аналар бала бір айға толған кезде хирургқа барғанда міндетті түрде аяғын тексертіп алуы керек,- дейдіҚызылорда қалалық№3 емхананың педиатрдәрігеріҰлпан Ибреава.

Жамбас буынының туабітті пайда болуы тірек-қимыл аппараттарының туа болатын ақауларының ішінде ең жиі ұшырасады. Және ол – жамбас ойығының, сан сүйегінің басының (ұршығының), бұлшық еттер мен байламалардың жетілмеу салдарынан туындайтын ақау. Оның кездесу жиілігі жаңа туған әрбір 1000 нәрестенің 3-тен 8-інде болады. Ал жамбас буынының дисплазиясы (кемтарлығы) одан да жиі кездеседі. 1000 нәрестеге – 16 бала. Дәрігерлер «қыз балаларда ұлдарға қарағанда жамбас буынының туабітті пайда болуы 5 есе жиі кездеседі» дейді. Бұл аурудың себептері әлі күнге дейін нақты анықталмаған. Көптеген зерттеушілер жамбас сан буынының туабітті шығуының себептеріне жатырдың жарақаттануын, ұрық маңы суының аз болуын, ұрықтың ана құрсағында дұрыс жатпауы мен аз қозғалуын, тұқымқуалаушылықты, жүкті әйелдің эндокриндік бездерінің қызметтерінің бұзылуын, жүкті әйелге витаминдердің, гормондардың жетіспеушілігін, жүрек-қан ауруын, бүйрек ауруын, жүктіліктің токсикозбен өтуін, белок тұз алмасуының жүкті әйелдерде бұзылатындығынан және қоршаған ортаның зиянды әсерлерін жатқызады.

Біз осы орайда баласы туабітті жамбас буынының дисплазиясы ауруымен ауырған ата-ана, қала тұрғыны Назым Дәулетбаеваны әңгімеге тартқан едік.

Менің анам балалар дәрігері болатын. Қызым 3 айға толған кезде анам баламды ойнатып отырып, аяқтарында ақау бар екендігін байқап қалды. Сөйтті де мамандарға көрсетіп, оны тез арада емдетуім қажет екендігін ескертті. Өзім тұратын елді мекеннен аудандық ауруханаға жолдама алдым. Аудан дәрігерлері қызымның денсаулығы жақсы екендігін айтты. Алайда өзім баламның денсаулығына алаңдап, хирургтен жолдама алып, Қызылорда облыстық диагностикалық орталыққа келдім. Ол жақтан облыстық медицина орталығына жіберді. Осылайша қызым 9 айлығына дейін  аяғын түзейтін құрылғыны байлап жүрді. Дәрігерлер маған  «бала жатқан кезде аяқтарын қоспай, ашып жату керек» деп кеңес берген болатын. Соны орындадым. Алайда көп мазасызданды. Массажды өзім жасап жүрдім. Араға 4 ай салып, рентгенге түсіргенде нәтижесі жақсы болып шықты. Туғанда шығып жамбас буынының туғанын ерте байқадық, әйтпесе кейін қиын болар ма еді, кім білсін?! Қазір қызым 5-сыныпта оқиды, жағдайы жақсы,- дейді ол.

Оның айтуынша, баланың денсаулығына күтіммен қарап, үнемі үздіксіз дәрігерге қаратып тұрудың зияны жоқ. «Өйткені кейбір сүйек ауруларын емдеуді кешеуілдетудің арты қиындыққа әкеліп соғады» дейді. Расында. Балада бұл аурудың белгілері бар екендігін қалай анықтауға болады? Қараңыз,  егер:

– дені сау сәбидің екі тізесі бірдей тегіс жазықтыққа дейін жетуі керек. Бұтының ашылмауы айқын болса, онда жамбас буынының шығып кеткен деген сөз;

– нәрестенің сан және бөкседегі тері қыртыстарының бір деңгейде орналаспаса;

– нәресте аяқтары қысқарып тұрса;

– жамбас буыны шыққан жағында саны, балтыры сыртқа қарай қисайып тұрса, демек, баланы тез арада дәрігер-ортопедке көрсету қажет.

Түйін. Бұрынғыны қозғамасақ, тағы болмайды. Қазақ ұлы халық екенін сөз арасына қосудың реті келіп тұр. Бесіктен тұрған соң бұрын әжелер баланы сылап-сипап, аяқ-қолын тартып отыратын болған. Бүгін сол жас аналардың санасынан сөніп бара жатыр ма дейсің?! Ілуде біреу болмаса баланың қол-аяғын тартқылап отырғандар қатары сирек. Бұрынғылар біліп істеген дүниені, қазіргілер құлағына іліп істесе жақсырақ болар еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: