Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Біртанов: эпидемиолог мамандар даярланады

23.04.2020, 17:09 338

HALYQLINE.KZ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың төрағалығымен конференция өтті. Онда еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің кадрларын даярлау жүйесін реформалау туралы сөз қозғалды.

Кеше ғана елімізде http://halyqline.kz/halyk-bet/salamat/15-zhylda-jepidemiolog-maman-dajarlanbaghan/ соңғы 15 жылда эпидемиолог мамандардың даярланбағанын айтқан едік. Дәл қазіргі уақытта аса қажетті мамандық екенін ескерген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық қызмет үшін кадрлармен қамтамасыз ету үшін қысқа мерзімді және орта мерзімді шараларды ұсынды.

Қысқа мерзімге бакалавриаттың 120 түлегіне санитарлық дәрігерлер (эпидемиологтар), гигиенистер және денсаулық сақтау мамандары мамандандырылады. Бұл студенттер эпидемиология бойынша қосымша сағаттарды игереді. Сондай-ақ, 300 маманды эпидемиологиялық қызметке және 9000 медициналық персоналды қайта даярлауды жоспарлап отырмыз, – деді бас дәрігер Е.Біртанов жиын барысында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: