Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ана мен бала саулығы – ұлт болашағы

20.06.2022, 16:45 107

HALYQLINE.KZ Қармақшы ауданы «Қорқыт ата» мемориалдық кешенінде «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында «Ана мен бала денсаулығы – ұлт болашағы» атты фестиваль өтті.

Облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметованың айтуынша, қазақстандық әйелдерді қолдау және дамыту жобасы Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің отырысында бастау алған. Спикер жобаның міндеттері мен бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Атап айтқанда, қоғамдағы ананың рөлін, отбасы және отбасылық құндылықтар институтының маңыздылығын арттыру, сондай-ақ жастарды рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиелеуде ата-аналардың рөлін күшейту туралы.

Фестивальге облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Манат Алмашева, «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының директоры, облыстық мәслихат депутаты, аналар кеңесінің мүшесі Аида Әбибуллаева қатысты.

Жоба аясында аудандағы сегіз әйел алғыс хаттармен марапатталды. Соңында қатысушылар мұражайдың жұмысымен танысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: