Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

  • USD: 417.02 (2.25)

  • EUR: 505.51 (-1.3)

  • RUB: 5.59 (-0.05)

21 мектепте карантин жалғасуда

22.02.2021, 17:00 135 0

HALYQLINE.KZ Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорданың білім беру ұйымдарындағы коронавирус статистикасына тоқталды.

– 2021 жылдың 22 ақпанындағы жағдай бойынша жаңа оқу жылы басталғаннан оқушылар арасында КВИ 1017 жағдайы тіркелген. Оның ішінде кезекші сынып оқушылары арасында 232 немесе 22,8%, қашықтан оқыту бойынша оқушылар арасында – 785 жағдай, яғни 77,2%. 79 мектеп карантинге жабылды, қазіргі уақытта 21 мектепте карантин жалғасуда, – деді С.Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырған онлайн-брифингте.

Студенттер арасында КВИ-дің 174 жағдайы тіркелді, колледж студенттері арасында – 35, ЖОО студенттері арасында – 139. Оның ішінде оффлайн форматта оқитындар арасында – 10, 6 жағдай – ЖОО және 4 жағдай – орта оқу орындарының студенттері арасында анықталған.

– Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына баратын 94 балада КВИ анықтады. Қазіргі уақытта 907 үй ошағы бар, 2260 қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауда, – деді С.Бейсенова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: