Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

15 жылда эпидемиолог маман даярланбаған

22.04.2020, 11:43 532

HALYQLINE.KZ – Бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы болғанын мәлімдеген едік. Сол жиында депутаттық сауалдарға кезек берілгенде мәжілісмен Азат Перуашев қазақстандық жоғары оқу орындары соңғы 15 жылда эпидемиолог маман даярламағанын алға тартты.

  • Төтенше жағдай бірқатар мәселенің басын ашып берген секілді. Медицина қауымдастығының мәліметінше, он бес жылдан бері елімізде эпидемиолог мамандар дайындалмаған. 2005-2007 жылға дейін санитарлық-эпидемиологиялық факультеттер жалпы медицина факультеттеріне қосылып кеткен. Содан бері «Эпидемиология» мамандығы медициналық ЖОО-лардан жоғалды, – деп дәйек келтірді депутат.

Оның айтуынша, бұл жағдай даярланған мамандардың мамандығына сәйкес жұмыс таба алмауынан орын алған. Ал қазір олар қайда жүр? Бұл сұраққа да жауап дайын.

  • Эпидемиолог мамандар Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау органдарында қалып отыр. Олар зейнетке шыққан соң орнына заңгерлер мен менеджерлер келеді. Ал эпидемиямен күресу үшін маман вирусология, иммунология, биохимия сияқты салалардан хабардар болуы тиіс, – деді А.Перуашев. 

Депутат Үкімет басшысына бірқатар медициналық университеттердің жанынан мамандандырылған эпидемиологиялық база құруды ұсынды. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: