Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

22.12.2023, 17:25 231

Бүгін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында қала тұрғындары арасында өткен «Парасатты отбасы» атты бейнеролик байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Байқауға Қызылорда қаласының әртүрлі қызмет саласында жұмыс істейтін азаматтар отбасымен қатыстырылып, «Менің отбасым» тақырыбында әзірлеген бейнероликтерін ұсынды. Комиссия мүшелері отбасылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен азаматтық ұстанымдарына назар аударды.

Байқаудың қорытындысы бойынша анықталған жеңімпаз отбасылар қаржылай сыйақылар және дипломдармен марапатталды.

І орынды Ислам отбасы жеңіп алса, ІІ орын Қалиевтер отбасына, ІІІ орын Абеновтар отбасына бұйырды. «Парасатты отбасы» номинациясын Бисеналиевтер отбасы иемденді.

Айта кету керек, байқау «Cыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндірме шараларын және адам саудасының алдын алуға бағытталған шараларды ұйымдастыру» жобасы аясында Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі мен «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: