Қазақстанда көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 630 мың отбасын қамтып отыр.
Мемлекеттік қолдау бала санына қарай төленеді. Қазіргі мөлшер бойынша 4 баласы бар отбасыларға 69 330 теңге беріледі. 5 баласы бар отбасылар 86 673 теңге алады. Ал 6 баласы бар отбасыларға төленетін жәрдемақы көлемі 104 017 теңгені құрайды.
7 және одан көп баласы бар отбасыларға 121 360 теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған.
Жәрдемақы көпбалалы отбасылардың күнделікті шығынын өтеуге, балалардың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік қолдау шараларының бірі саналады.
Коллаж: Halyqline.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!