Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әкенің рөлі қандай?

25.02.2021, 14:00 1976

HALYQLINE.KZ Қазақтың мақал-мәтелі түпсіз терең мағынаны бойлатып, түйедей ойды түймедей сөзге сыйдырады. Неге екенін білмедім, әкеге келгенде әсерлі сөз кездесе бермейді.

«Әкенің жақсысы жездедей» дейді бірі. Сонда шаңырақтың тірегі, тіреуі, тілеуі болса да оның қадір-қасиетін құрдымға жібере жаздайды. Сахна сыртындағы образға ұқсайды. Тіпті, егде кіселер әйеліне: «Мені ажал сенен бұрын алсын» дейтіні де бекер болмас…«Жақсы әке балаға қырық жыл азық» деген тағы бар. Мұның екі жағын ескерсек, оның бірінен әкенің табыс табушы рөлін танысақ, екінші беті бедел биіктігін бағамдаса керек. Ол екеуі тоқтағанда немесе қартайғанда қайраңда қалған қайықтай күй кешіп қалмай ма?

«Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес» депті бір данышпан. Бұл түсінікті. Кейінгі кезде отбасындағы аураға қарап, әкені ақша әкелетін, асыраушы тұрғыда ғана тану етек алған сыңайда. Мүмкін бұған кейбіреу келіспейтін шығар. Мұны баласы есейген білер.

Ендігі бірі «Әкеге бағыну – тәңірге бағыну» деп дәріптеп қояды. Бұл әкенің мысы, қаталдығына қатысты мінез-құлықтың бағасы болар.

Жалпы, әкелерге бір сұрақ: Бізге берілген баға қалай болуы керек еді?

Қаныбек ӘБДУОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: