Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Абадан дегенді естуіңіз бар ма?

01.05.2021, 15:00 2905

HALYQLINE.KZ Қасқырдың түрлі атауы көп қой, көкбөрі, көкжал, көксерек, арлан, ақжал деп атап жатады. Ал сол үйірді басқаратын арланнан мықты қасқыр болады, соны қазақ АБАДАН дейді. Арлан қасқыр бір өзі жол бастап жүргенмен артынан еріп жүретін 6-7 тобыры болады. Ал АБАДАН қасқыр жалғыз жүріп шабуыл жасайды. Оның өзінен өрбіген он бес, жиырма шақты әулеті болады. Сол әулеттің көсемі, қамқоршысы, ақылшысы – абадан қасқыр, соған бағынады бүкіл әулеті.

Абадан қасқыр жемтігін көміп кетеді, басқа қасқырлар білсе де ол жемтікке тиіспейді. Тек өзінің тұқымындағы бөлтіріктер ғана жейді. Абаданға қатардағы арландар, көкжалдар қарсы келмейді. Абадан болмаса тобырлары кез келген итке жем болып кетеді. Қасқырдың қаншығы Құртқамен жұп құрады. Қаншық қас­қыр­ды аса сезімталдығы, айлакерлігі мен ұялас­тарына деген қамқорлығы үшін «Құртқа» деп ата­ған. Абаданнан кейінгі әулет басшысы осы – Құртқа. Аңыз әңгімелер мен әпса­на­ларда, жыр-дастандарда да қыз­ға берілген Құртқа есімі кез­деседі.

Бабаларымыздың:

«Бөрiлер тоғыз-он туар,
Абаданы бip не екi болар»- деп келетiн жыр жолдары осыны меңзейдi…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: