Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жетікөлді жетістікке жетелейтін жобалар

13.09.2022, 9:35 544

HALYQLINE.KZ

Кеше Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Жетікөл ауылында жаңадан дайындалып жатқан егіс алқаптарының жұмыстарымен танысты.

Бұған дейін хабарланғандай, облыстық бюджеттен аудандағы Жыңғылдыкөл, Хозцентр, Военторг каналдарын механикалық тазарту жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде, Жетікөл ауылына 30 жылдан кейін аяқ су келген еді. Ал «Жетікөл Жері» ЖШС күздік дала жұмыстарын жүргізу және егін егу жұмыстарын бастаған болатын.

Қазіргі сәтте бұл шаруашылық украиндық ғалымдардың қатысуымен 200 гектар жерді егіс алқабына дайындап, тегістеу жұмыстарын істеуде. Егіс алқабына келетін каналдың аяқ бөлігіне де тазарту және кеңейту жұмыстарын жүргізген. Егіс алқабы мен тазартылған каналдарды аралаған аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы талмай еңбек етіп жатқан шаруалармен де кездесті.

– Бұл – еліміз бен жеріміз үшін жасалып жатқан зор мүмкіндік, әрі зор қуаныш. Өздеріңіз осы ауылдың көркеюіне тер төгіп, қараусыз қалған жерлерді қайта жаңғыртуға елеулі үлес қосудасыздар. Шаруашылықтың әлеуетін пайдаланып, ғалымдардың тәжірибесін үйренулеріңіз қажет. Бүгінде ауылда жаңа жұмыс орындары ашылуда. Алдағы уақытта жұмыс көлемі ұлғайса, сәйкесінше жұмыс орындары да көбейеді деп жоспарлануда. Бұның барлығы ел үшін, болашақ үшін. Сіздердің еңбектеріңіз бен қажыр-жігерлеріңізге алғыс білдіремін. Іске сәт! – деген тілегін білдірді.

Жалпы, «Жетікөл Жері» ЖШС биылғы жылы 200 гектар аумаққа бидайдың күздік түрінің 4 сортын егу, 10 гектар жерге 4 түрлі алма сортымен алмабақ орналастыру, жем өндіру цехын ашу секілді жұмыстарды жоспарлап отыр.

Пікірлер:

Гульзия үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

Тағы да оқыңыз: