Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еуропа құрлығындағы сертификаттарға сәйкес жұмыс істейтін зауыт

20.12.2023, 23:30 2384

Биыл «Асыл дән» LTD ЖШС-не мерейлі 10 жыл толып отыр. Күріш саласында елге қызмет ететін кәсіпкерлік нысан жыл соңында Мемлекет басшысының «Іскер» атты арнайы жүлдесін алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «Асыл дән» LTD ЖШС директорының орынбасары Нұрлан Жомартов айтты.

– Қанша жыл бойы өндіріс саласында жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлік нысан үшін бұл жоғары жүлде. Оның үстіне бұл – менің ғана емес, барлық ұжымдағы қызметкерлердің еңбегі. Оны елеп ескерген Президентімізге алғысымызды білдіреміз. Ал, біздің кәсіптегі жаңалықтармен бөліссем, осы жылы заманауи технологиялармен жаңа зауытты іске қостық. Бұл зауыт бүкіл Еуропа құрлығындағы сертификаттарға сәйкес жұмыс істейді. Біздің мақсатымызда әу бастан осылай болған. Барынша инновациялық бетбұрыс жасап, Сыр бойының күрішін жоғары деңгейге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ішкі өнімді толықтай қамтамасыз етіп, экспортқа шығаруды көздеудеміз, – деді Нұрлан Бектасұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: